05.11.2026 12:46

2026 жылы Қазақстанның жеңіл автокөлік нарығындағы қытайлық брендтердің үлесі 46%-дан асты

Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 7,7 пайыздақ тармаққа артық.

Ербол Казистаев
2026 жылы Қазақстанның жеңіл автокөлік нарығындағы қытайлық брендтердің үлесі 46%-дан асты
Фото: AutoReport

2026 жылдың қазан айының басында Қазақстанның жеңіл автокөлік нарығындағы қытайлық брендтердің үлесі 46,2%-ды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,7 пайыздақ тармаққа артық, деп хабарлады AutoReport редакциясына Қазақстан автомобиль одағының баспасөз қызметі.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 158 119 жеңіл автокөлік сатты, оның 73 022 бірлігі қытайлық маркаларға тиесілі болды. Аспан асты елі брендтерінің үлесі 46,2%-ды құрады. Ең өтімді автокөліктер — Changan (15 645 сатылым), Chery (11 994), Haval (9 656), Jetour (8 668), JAC (6 771) және Geely (5 245). Осылайша, 2026 жылы Қазақстанда ең көп сатылатын ТОП-10 автокөліктің алтысы — Қытайдан.

Жыл басынан бері Қазақстандағы қытайлық брендтердің үлесі 7,7 пайыздақ тармаққа өсті. Қазақстан автомобиль одағының мәліметінше, 2025 жылы ресми дилерлер 222 332 жеңіл автокөлік сатқан, оның 85 618 бірлігі қытайлық маркаларға тиесілі болды. Аспан асты елі брендтерінің үлесі 38,5%-ды құрады.

2026 жылдың көктемінде Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов AutoReport редакциясымен таяу үш жылда Қазақстан нарығындағы қытайлық автокөліктердің үлесі 50%-ға жетеді деген болжамымен бөлісті.