05.08.2026 16:46

Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің орташа жасы 19 жылды құрайды

Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің орташа жасы 19 жылды құрайды

Ербол Казистаев
Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің орташа жасы 19 жылды құрайды
Фото: Pixabay

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы жеңіл автомобилдердің орташа жасы 19 жылды құрайды. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері өзгерген жоқ, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі AutoReport редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Жеңіл автомобилдердің орташа жасы бойынша ең жоғары көрсеткіш Жамбыл облысында (24 жыл), ал ең төменгі көрсеткіш Астана қаласында (12 жыл) тіркелді.

Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда шамамен 6,1 млн көлік құралы болған. Оның ішінде 5,1 млн-ға жуық бірлік – жеңіл автомобилдер.

Қазақстандағы барлық көлік құралдарының орташа жасы 20 жылды құрайды. Бұл көрсеткіш жарты жыл ішінде өзгерген жоқ.

Еске сала кетейік, Қазақстанның автопаркінде Toyota, "ВАЗ" және Hyundai маркалы жеңіл автомобилдері басым.