03.08.2026 14:28

Қазақстанда қай маркалы автокөліктер басым

Отандық жолдарда ең көп жүретін көліктер — Toyota, «ВАЗ» және Hyundai.

Ербол Казистаев
Қазақстанда қай маркалы автокөліктер басым
Фото: Copilot

Toyota, "ВАЗ" және Hyundai автокөліктері Қазақстан жолдарында ең көп тараған. Ішкі істер министрлігі AutoReport редакциясының ресми сауалына берген жауабында елдегі автопаркте дәл осы маркалардың басым екенін хабарлайды.

Ведомство деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 5,1 млн-ға жуық жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл жыл басымен салыстырғанда 2,4%-ға артық.

Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің орташа жасы — 19 жас. Ең ескі автопарк Жамбыл облысында (орташа жасы 24 жас), ал ең жаңасы Астанада (12 жас) орналасқан.

Қазақстан автопаркінде ең көп тараған ТОП-10 бренд:

  • Toyota – 697 881 дана;
  • "ВАЗ" – 445 253;
  • Hyundai – 394 925;
  • Volkswagen – 290 265;
  • Chevrolet – 266 355;
  • Lada – 220 701;
  • Kia – 213 903;
  • Audi – 201 746;
  • Nissan – 163 454;
  • Mitsubishi – 160 416.

Айта кетейік, үздік 15 марканың арасында жалғыз қытайлық бренд — Changan бар, бұл марканың Қазақстандағы саны 92 441 бірлікті құрайды.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың маусым айында Қазақстанда 167,9 мыңға жуық көлік құралы есепке қойылды. Бұл өткен айдағы көрсеткіштен 13,7%-ға және өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 4,5%-ға артық. Есепті кезеңде тіркелген көліктердің басым бөлігі жеңіл автокөліктерге тиесілі (87,4%). Барлық тіркелген көлік құралдарының үштен бір бөлігінен астамының қозғалтқыш көлемі 1,5-тен екі литрге дейін.