14.10.2026 15:50

Қазақстан шынайылығында қай автобөлшектер ең осал келеді

Қазақстандық жолдар мен климат автокөліктің күйіне әсер етуі мүмкін.

Ербол Казистаев
Қазақстан шынайылығында қай автобөлшектер ең осал келеді

Қазақстанда әртүрлі өңірлердің климаттық жағдайлары бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Дегенмен елдің басым бөлігінде жазы ыстық, қысы суық және маусымаралық кезеңде температураның күрт ауытқулары бар шұғыл континентті климат басым. Бұндай жағдайлар автокөлікке, әсіресе ылғалмен, жол лайымен және реагенттермен үнемі жанасатын компоненттерге қосымша жүктеме түсіреді, деп хабарлады Bosch компаниясының мамандары AutoReport редакциясына.

Кәсіби мамандар тежегіш жүйесіне: шлангтар мен түтіктерге, дискілерге, барабандар мен колодкаларға назар аударуды ұсынады. Тежегіш жүйесінің металл элементтері, әсіресе жолдарда мұзға қарсы реагенттер қолданылатын қысқы кезеңде, коррозияға бейім келеді. Бұл ретте бөлшектердің өзінің күйін ғана емес, сонымен бірге тежегіш сұйықтығының сапасын да бақылау маңызды. Ол гигроскопиялық болып табылады, яғни ылғалды сіңіруге қабілетті, ал оның уақыт өте келе жиналуы сұйықтықтың қайнау температурасын төмендетеді және тежеу тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін.

Жаман жолдардан әдетте рөлдік басқару элементтері ең осал болып келеді. Тегіс емес жерлер, шұңқырлар және тұрақты соққы жүктемелері рөл ұштықтарының, тарту күштерінің және аспа компоненттерінің тозуын жылдамдатады. Сонымен қатар зақымданулар әрқашан бірден білінбейді – люфттер, бөгде тықырлар немесе басқарудың нашарлауы біртіндеп пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ Bosch өкілдері жүргізушілердің ең жиі жіберетін қателігі – автокөлікке техникалық қызмет көрсету қажеттілігін тек жүріп өткен қашықтығына қарай бағалау екенін мәлімдеді. Дегенмен автокөлікті пайдалану жағдайларының да маңызы кем емес. Мысалы, "үй – балабақша – дүкен және кері" бағыты бойынша күнделікті шағын сапарлар, таңғаларлық болса да, ауыр пайдалану жағдайларына жатады. Қысқа сапарлар кезінде қозғалтқыш әрқашан оңтайлы температуралық режимге шығып үлгермейді, ал жиі іске қосу мен тоқтатулар автокөліктің жекелеген жүйелеріне қосымша жүктеме түсіреді.

Егер автокөлік негізінен қалада пайдаланылса, фильтрлерге ерекше назар аудару қажет. Кептелістер, газдың көптігі және газондар мен жасыл желектер болуы тиіс учаскелерде ашық топырақтың көп болуы жағдайында ауа және салон фильтрлері айтарлықтай жылдам ластанады. Ластанған ауа фильтрі қозғалтқыштың жұмысына кері әсер етуі мүмкін, ал салон фильтрін уақытылы ауыстырмау салонға түсетін ауаның сапасын және желдету жүйесі жұмысының тиімділігін төмендетеді.

Фильтрлерден бөлек, әйнек жуғыш бачокта әрқашан кәдімгі су емес, арнайы жуғыш сұйықтық болуын қадағалау қажет. Бұл әйнек тазалағыш щеткалардың қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі, олар үшін де агрессивті қалалық орта орасан зор мәселе тудырады. Әйнектегі шаң, құм және ластанулар щеткалардың резеңке элементтерінің тозуын күшейтіп, тазалау сапасы мен көрінімділікті нашарлатады.

Тежегіш колодкалары мен дискілерінің күйін жылына екі рет тексеру ұсынылады. Май мен май фильтрін, тіпті аз жүрілген күннің өзінде, егер автоөндірушінің регламентінде одан да жиі ауыстыру қарастырылмаған болса, жылына кемінде бір рет ауыстыру қажет. Отталдыру білтелерінің күйін мүмкіндігінше сервиске барған кезде, әсіресе автокөлік негізінен қысқа сапарлар үшін пайдаланылса, тексеріп тұрған жөн.

Бұдан бұрын "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдері жел автокөліктің бүйірінен "ұрғанда" жүргізушілерге не істеу керектігін айтқан болатын. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайлар шанақ бөлігі биік жеңіл автокөліктер, шатырында жүкбағары бар көліктер, фургондар, жүк көліктері, тіркемелер, дөңгелекті үйлер мен мотоциклдер үшін ең қауіпті. Жаңбыр, қар және көрінімнің нашарлығы кезінде жағдай бұдан да жаман болуы мүмкін.