21.10.2026 16:53

Қазақстан Kia Sportage кроссоверлерін сату бойынша әлемдік топқа енді

Бүкіл әлемде 570 мыңға жуық автокөлік сатылды.

AutoReport редакциясы
Қазақстан Kia Sportage кроссоверлерін сату бойынша әлемдік топқа енді
Фото: Allur

Қазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша Kia Sportage кроссоверлерін сатудан әлемде 10-орынды иеленді. Car Industry Analysis мәліметінше, бұл модель ең жақсы АҚШ пен Оңтүстік Кореяда сатылған.

2025 жылы Kia Sportage ең көп сатылған алғашқы 10 ел:

  • АҚШ – 187 207 сатылым;
  • Оңтүстік Корея – 74 517;
  • Ұлыбритания – 47 788;
  • Канада – 23 906;
  • Австралия – 19 137;
  • Италия – 18 869;
  • Испания – 15 805;
  • Польша – 13 762;
  • Германия – 11 979;
  • Қазақстан – 10 988.

Sportage кроссовері Kia брендінің модельдік қатарында әлемде ең көп сатылатын көлік екенін атап өткен жөн. 2025 жылы 569 588 автокөлік сатылды.

Қазақстан автокөлік одағының деректері бойынша, 2025 жылы Kia Sportage сату деңгейі бойынша отандық нарықтағы үздік үштікке енді. Бұдан көп тек Chevrolet Cobalt пен Hyundai Tucson сатылған.