
Allur компаниялар тобына кіретін Kia Qazaqstan Қазақстанда абсолютті жаңа Kia Seltos моделінің жақында таныстырылатынын хабарлайды. Екінші буындағы кроссовер жаңартылған дизайнға, заманауи технологиялармен жабдықталған интерьерге, сондай-ақ жайлылық пен қауіпсіздік функцияларының кеңейтілген жиынтығына ие болды. Модель тұжырымдамасының негізінде әдетте бір-біріне қарама-қарсы қойылатын қасиеттерді – стиль мен практикалықты, технологиялар мен жайлылықты, функционалдылық пен айқын дизайнды біріктіру идеясы жатыр.
Kia компаниясының «Қарама-қайшылықтар бірлігі» (Opposites United) дизайн философиясына сәйкес әзірленген Seltos жол талғамайтын көлікке тән айқын мінезді жүргізуші мен жолаушылардың күнделікті қажеттіліктеріне бағытталған заманауи шешімдермен үйлестіреді.
Модельдің сыртқы дизайны шанақтың динамикалық сызықтарымен, кең радиатор торымен және фирмалық Star Map стиліндегі жарық элементтерімен ерекшеленеді. Жасырын есік тұтқалары мен мәнерлі жарық техникасы автомобильдің заманауи келбетін айқындай түседі.
Кроссовердің өлшемдері үлкейген: ұзындығы – 4 460 миллиметр, ені – 1 830 миллиметр, ал биіктігі – 1 600 миллиметр. Доңғалақ базасы 2 690 миллиметрге дейін ұлғайтылған, бұл салондағы кеңістікті арттыруға мүмкіндік береді.
Интерьер көлденең архитектураға негізделген алдыңғы панельмен, заманауи әрлеу материалдарымен және мұқият ойластырылған эргономикасымен ерекшеленеді. Орталық орынды 10 дюймдік аспаптар панелінің экранымен толықтырылған 27 дюймдік панорамалық мультимедиялық дисплей алады.
Жайлылық функцияларының қатарында панорамалық шатыр мен проекциялық дисплей де бар. Заманауи технологиялық жабдықталым әр сапарды барынша жайлы етуге, ал автомобиль функцияларын басқаруды интуитивті әрі түсінікті етуге бағытталған.
Модель заманауи Kia K3 платформасында жасалған. Жақсартылған дыбыс оқшаулауы, шанақтың жоғары қаттылығы және жетілдірілген аспа баптаулары жүрістің бірқалыптылығы мен автомобильдің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қозғалтқыштар қатарында қуаты 115-тен 200 ат күшіне дейінгі бензин қозғалтқыштары бар. Қазақстанда қуаты 200 ат күші болатын қозғалтқышпен және толық жетек жүйесімен жабдықталған нұсқасы ұсынылады.
ADAS жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің кешені рөлде сенімділікті арттырып, жолдағы жағдайды жақсырақ бақылауға көмектеседі. Сондай-ақ жүргізуші мен жолаушыларды қорғауға арналған шанақ құрылымы мен қауіпсіздік жастықтары жүйесіне ерекше назар аударылған.
Технологиялардың, жайлылық пен функционалдылықтың үйлесімі арқасында абсолютті жаңа Kia Seltos қала ішіндегі күнделікті сапарларға да, алыс жолға шығуға да қолайлы.
Kia Seltos 2026 жылдың қараша айында Kia Qazaqstan ресми дилерлік орталықтарында пайда болады. Қазақстан нарығына арналған комплектациялар, техникалық сипаттамалар, бағалар және сатылымның нақты басталу күні туралы ақпарат қосымша жарияланады.
Қазақстанда Kia автомобильдеріне өндірушінің стандартты кепілдігі қолданылады: бес жыл немесе 150 мың шақырым жүріс қашықтығы – қайсысы бұрын орын алса, сол мерзімге дейін. Толық шарттар Kia Qazaqstan ресми сайтында қолжетімді.