02.07.2025 17:04

Қауіпсіздік белбеуі ЖКО кезіндегі өлім қаупін 40-50% азайтады – маман

Травматология орталығының директоры Олжас Бекарисов ЖКО-нан алған жарақаттар туралы.

Қауіпсіздік белбеуі ЖКО кезіндегі өлім қаупін 40-50% азайтады – маман

Көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін қолдану ЖКО кезіндегі өлім қаупін 40-50%-ға азайтады. Сонымен қатар, орташа жылдамдықтың сағатына небәрі бір шақырымға артуы жарақат алумен болатын ЖКО ықтималдығын 3%-ға, ал адам өліміне әкелетін апат қаупін 4-5%-ға арттырады деп ОКҚ брифингінде Б.Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарисов хабарлады.

Оның айтуынша, жол-көлік жарақатынан болатын өлім мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып келеді. 2024 жылы бұл көрсеткіш Қазақстанда 100 000 адамға шаққанда 12,2 өлімді құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға төмен. Есепті кезеңде абсолютті мәнде авариялардан 2452 адам қайтыс болды.

"Еліміз ЖКО-дан өлім бойынша ЭЫДҰ елдерінен әлдеқайда артта. ЖКО-да қаза табу көрсеткіші ең төмен болып Жапонияда тіркелген, Еуропа елдері де назар аударуға тұрарлық", – деді Олжас Бекарисов.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 31 597 ЖКО тіркелген. Бұл 2023 жылы көрсеткіштен екі есеге көп. Бұл өсім қазір статистикаға аварияларда қатысушылардың қандай да бір жарақат алған-алмағанына қарамастан, медициналық көмекке жүгінген жағдайларының барлығы қамтылғанына байланысты. Бұрын медициналық жарақаттары расталған жағдайлар ғана тіркелетін.

Сонымен қатар, Қазақстандағы ЖКО-ның 55% пайызы алты аймақта: Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында орын алған. Жалпы, 2024 жылы ЖКО-дан 40 873 адам зардап шексе, 2 452 адам қайтыс болған.

"ДДСҰ статистикасы бойынша қауіпсіздік белдігін пайдалану өлім қаупін 40-50%, ауыр жарақат алу қаупін 25%ға азайтады", – деді спикер.

Олжас Бекарисов көлік жылдамдығының артуы апаттардың ауырлығына тікелей әсер ететінін атап өтті. Орташа жылдамдықты сағатына бір шақырымға ғана арттыру жарақат алумен болатын апаттардың ықтималдығын 3%-ға, ал адам өліміне әкелетін жазатайым оқиғалардың қаупін 4-5%-ға арттырады. Сағатына 80 шақырымнан асатын жылдамдықта жаяу жүргіншінің соқтығысуы кезінде қайтыс болу ықтималдығы 90%дан асады. Қалалық ортада жылдамдықты сағатына 60-тан 50 шақырымға дейін төмендету жаяу жүргіншілер өткеліндегі өлімді 30-40%-ға төмендетеді. Әлемдік тәжірибе жылдамдықты жартылай реттеудің өзі ЖКО-н 20-25%-ға азайтатынын растайды.

ЖКО кезіндегі алғашқы көмек

2024 жылы Қазақстанда шақыру бойынша жарақаттанғандардың жалпы саны 741 728 болса, оның ішінде 47 814 ЖКО-да. Өткен жылмен салыстырғанда шақырулар саны 3%-ға азайса, жол-көлік оқиғасы бойынша жедел жәрдем шақырулар саны 4,6%-ға артты. Нәтижесінде ЖКО-да зардап шеккендердің саны пропорционалды түрде өсті. ЖКО-ның басым бөлігі қалаларда (72%), ауылдық жерлерде 14%, тас жолдарда 13% тіркелген.

"Бүгінгі таңда жедел жәрдемді шақырудан дәрігерлер келгенге дейінгі орташа уақыт қалаларда сегіз минутты, ауылдық жерлерде тоғыз минутты құрайды. Ал апат орнына жету жылдамдығы бойынша медициналық бригадалар дамыған елдердегі көрсеткіштермен салыстырылатын нәтижелер көрсетіп отыр. Мысалы, АҚШ-та жету уақыты қалада жеті минут, ауылды жерлерде 7,7-14,5 минут, Германияда сегіз минут, Канадада 10 минут, Англия мен Италияда сегіз минут, Түркияда 10 минут", – деді Олжас Бекарисов.

Ол "алтын уақыт" деп аталатын бірінші кезеңде жедел жәрдем тиімді екенін атап өтті. Адамды жарақат алғаннан кейін алғашқы 60 минут ішінде ауруханаға жеткізу өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және ерте және кеш асқынулардың қаупін айтарлықтай төмендетеді деп саналады.

Қазақстанда ЖКО болған жерден зардап шегушінің медициналық мекемеге жетуі орташа есеппен 35 минутты құрайды.