
2026 жылдың 13 қазанынан бастап тағы төрт трассада орташа жылдамдықты тексере бастады. Осылайша, жүйемен қамтылған жолдардың жалпы саны 15-ке жетті деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Орташа жылдамдықты бақылау мына бағыттарда енгізіледі: "Орал – Ресей шекарасы" (Самара), "Ақтөбе – Ресей шекарасы" (Орынбор), "Қостанай – Денисовка" және "Қандыағаш – Мақат".
"Жаңа учаскелерде бақылау аркалары арасындағы қашықтықты өлшеу және аппараттық-бағдарламалық кешендерді сертификаттау аяқталды. Жүйе орташа жылдамдықты асыруды тіркеуге және тиісті деректерді Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінің (ӘӨБТ) процессингтік орталығына беруге арналған", – делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ хабарламасында.
Еске сала кетейік, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі Қазақстанның республикалық автожолдарында 2025 жылдың 17 наурызынан бастап жұмыс істейді. Бұған дейін ол жалпы ұзындығы зауға жуық үш мың шақырым болатын 11 ақылы учаскені қамтыған еді:
Жүйенің жұмыс істеу принципі жолдың белгілі бір учаскесіндегі автокөліктің орташа жылдамдығын есептеуден тұрады. Камералар көлік құралының бақылау аркалары арқылы өту уақытын тіркейді, содан кейін жүйе жүріп өткен қашықтықты ескере отырып, орташа жылдамдықты анықтайды. Осылайша, егер жүргізуші бақыланатын учаскеде рұқсат етілген орташа жылдамдықтан асырып жіберсе, камераның алдында ғана жылдамдықты төмендету ереже бұзушылықты тіркеуден құтқармайды.
"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты асырудың 550 мың жағдайы және демде өлшеу кезінде анықталған жылдамдық режимін бұзудың 163,5 мың жағдайы тіркелді. Жалпы алғанда, бұл жылдамдықты асыруға байланысты 713 мыңнан астам ереже бұзушылықты құрайды.
Бұған дейін Алматыда апат болғанға дейін қауіпті жүргізушіні анықтауға қабілетті AI-платформа таныстырылған болатын. Жүйе камералардан түсетін бейнеағынды тіркеу құралы ретінде емес, қаланың сенсорлық желісі ретінде өңдейді және жүргізушінің мінез-құлық профилін қалыптастырады – жүйелі түрде жылдамдықты асыру мен қауіпті қатар ауыстырулар жүргізуші соқтығысу жасағанға дейін дабыл сигналына айналады.