
Volvo Cars және Geely Auto Group келісімге келді, оған сәйкес швед компаниясы Еуропада Lynk&Co автокөліктерінің дистрибьюторы атанады. Айта кетерлігі, екі компания да қытайлық Zhejiang Geely Holding Group холдингінің құрамына кіреді, деп жазады Chinadaily порталы.
Volvo Cars Еуропадағы Lynk&Co брендінің коммерциялық қызметі мен бренді үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатыны хабарланды. Қытайлық бренд Volvo Cars-тың дамыған коммерциялық инфрақұрылымын, атап айтқанда, оның бөлшек сауда және сатудан кейінгі қызмет көрсету желісін пайдаланатын болады.
Өз кезегінде Geely Auto өнімнің жаһандық дизайнын, зерттеулер мен әзірлемелерді (R&D), нормативтік талаптарға сәйкестік сертификаттауды және Lynk&Co брендінің жалпы стратегиясын жетекшілік етуді жалғастырады. Келісім меншік құрылымында қандай да бір өзгерістерді қарастырмайды.
Айта кетейік, Lynk&Co бренді шетелдік нарықтарда белсенді дамып келеді. Компания 2016 жылы құрылған, дәл сонда олардың алғашқы автокөліктері Германияда дебют жасады. Қазір, арада 10 жыл өткен соң, Lynk&Co 50 елде ресми түрде ұсынылған.
Car Industry Analysis мәліметтері бойынша, 2026 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Еуропада 7 314 Lynk&Co автокөлігі сатылды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58%-ға артық.