
2026 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Еуропада қытайлық брендтер автокөліктерінің сатылымы 663 мың бірлікке жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Осылайша, еуропалық нарықтардағы қытайлық брендтердің үлесі 9,2%-ға жетті, деп хабарлайды Car Industry Analysis.
"Қытайлықтар" арасында MG және BYD брендтері көш бастап, Аспан асты елі компанияларының еуропалық елдер нарығындағы барлық сатылымдарының жартысынан астамын қамтамасыз етті.
Биылғы бірінші жартыжылдықта Еуропадағы сату деңгейі бойынша қытайлық брендтердің Топ-10:
Айта кетейік, жоғарыда аталған брендтердің бір бөлігі Қазақстанда да бар. Мысалы, бірінші жартыжылдықта отандық нарықтағы MG сатылымы 713 бірлікті құрады, бұл 2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 2,5 есе көп. BYD 2 042 автокөлік сатты. Бұл өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 3,5 есеге жуық артық. Өз кезегінде Chery 8 143 автокөлік өткізіп (2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда +11,3%), қазақстандық автонарықтың көшбасшыларының біріне айналды.
Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, бірінші жартыжылдықта елде барлығы 105 886 жаңа автокөлік сатылған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға артық.