10.06.2026 17:38

Көлік министрлігі жол құрылысындағы кемшіліктер саны азайғанын мәлімдеді

Жаңа ережелер 2025 жылдан бастап күшіне енді.

AutoReport редакциясы
Көлік министрлігі жол құрылысындағы кемшіліктер саны азайғанын мәлімдеді
Фото: Pixabay

Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдан бастап енгізілген жұмыс пен материалдар сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастырудың жаңа ережесінің арқасында Қазақстанда жолдарды пайдалануға беру кезіндегі ақаулар саны азайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша мердігерлер анықталған ақауларды жойып, өз қаражаты есебінен 1 млрд теңге көлеміндегі жұмыстарды қайта орындады. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл көрсеткіш 2023 жылы 4,1 млрд теңгені, ал 2024 жылы 3,9 млрд теңгені құраған. Бұл ретте анықталған ақаулар облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңарту жобаларында тіркелді.

Қайта орындалған жұмыстар көлемінің едәуір қысқаруы жол құрылысы барысында талапқа сәйкессіздіктер мен ақаулар санының азайғанын көрсетеді. Мердігер ұйымдар технологиялық талаптарды сақтауға және орындалатын жұмыстардың сапасына көбірек көңіл бөле бастады, өйткені анықталған ескертулер жойылмайынша объектіні пайдалануға беру мүмкін емес, деп айтылды Көлік министрлігінде.

Қолданыстағы қағидалар автомобиль жолдарын салудың, реконструкциялаудың және жөндеудің барлық кезеңінде сапа сараптамасын жүргізуді көздейді. Бұл ретте Жол активтері сапасының ұлттық орталығы анықтаған барлық ескертулер толық жойылғаннан кейін ғана объектіні қабылдауға жол беріледі.Осылайша, аталған норма жойылмаған ақаулары бар жолдарды пайдалануға беруге жол бермейді және мердігер ұйымдарға қолданыстағы шарттық міндеттемелер шеңберінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тікелей жауапкершілік жүктейді.

Еске сала кетейік, Көлік министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы Қазақстанда автомобиль жолдарынның 321 мың шақырымы күрделі жəне 3,7 мың шақырым орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.