28.05.2026 14:09

Қазақстанда 2026 жылы 300 мың шақырымнан астам жол жөнделуде

Оның ішінде 321 мың шақырымы күрделі жөндеумен қамтылған.

AutoReport редакциясы
Қазақстанда 2026 жылы 300 мың шақырымнан астам жол жөнделуде
Фото: Көлік министрлігі

2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталғалы бері Қазақстанда автомобиль жолдарынның 321 мың шақырымы күрделі жəне 3,7 мың шақырым орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Биылғы маусымның басты ерекшелігі — жол төсемінің негізінен бастап үстіңгі қабатына дейінгі конструктивті қабаттарды кезең-кезеңімен төсеуге баса мəн берілуінде. Бұл болашақ автожолдардың сапасы мен ұзақ жылдар бойы шыдас беруінің басты кепілі болмақ.

2026 жылы күрделі жөндеу аясында 25 нысан бойынша жалпы 321 км автомобиль жолдары қамтылды, олардың 19-ы өткен жылдан өтпелі, ал алтауы жаңа нысандар болып табылады. Маусым басынан бері негізгі жұмыстар жол жамылғысының конструктивтік қабаттарын салуға шоғырланған.

Жоспарланып, орындалған жұмыстар аясында 231 км-де негіздің төменгі қабаты, 190 км-де негіздің жоғарғы қабаты, 230 км-де жабынның төменгі қабаты және 78 км-де жабынның жоғарғы қабаты салу жұмыстары атқарылып жатыр.

Сонымен қатар ағымдағы жылы 124 нысан құрамында 69 өтпелі және 55 жаңа учаскені қамтитын жалпы 3,7 мың км автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Мемлекеттік қызметтер Қазақстандағы автожолдардың жай-күйіне қатысты 60 мыңға жуық шағымды, ал 2026 жылғы қаңтар – ақпанда 7,5 мың өтінішті тіркеді. Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің айтуынша, ең проблемалы бағыттардың қатарында "Доссор – Ақтау", "Атырау – Орал" трассалары, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарындағы Алакөл көліне баратын өңірлік жолдар бар.