10.06.2026 14:27

Қазақстанда 140 мыңнан астам жол белгілері тексеріледі

8 мың жол белгілері орнатылады және ауыстырылады.

AutoReport редакциясы
Қазақстанда 140 мыңнан астам жол белгілері тексеріледі
Фото: Көлік министрлігі

Жалпы, республикалық маңызы бар жолдарда 140 мыңға жуық жол белгісі орнатылған. Жол активтері ұттық орталығының мамандары оларды кешенді тексеруге кірісті, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Ерекше назар олардың дұрыс орналастырылуына, техникалық жай-күйіне, көріну деңгейіне, сондай-ақ қолданыстағы жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына сәйкестігіне ерекше назар аударылады – деді ведомствада.

"Сондай-ақ, тексеру шеңберінде жол белгілерінің қараңғы уақытта көрінуі, жарық шағылдыратын элементтердің болуы, сондай-ақ жол жағдайларын ескере отырып, олардың дұрыс орнатылуы бағаланатын болады", – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар жөндеу жұмыстары жүргізілген жол учаскелері бөлек тексеріледі. Ол жерлерде жылдамдықты шектейтін белгілерді қоса алғанда, уақытша немесе ескірген белгілер сақталып қалуы мүмкін. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мұндай белгілер алынып тасталады немесе өзекті белгілермен ауыстырылады.

Жол қауіпсіздігі жөніндегі кешенді нысаналы бағдарлама аясында жыл сайын 10 мыңға жуық белгі жаңартылады. Мәселен, 2021 жылы – 11,4 мың, 2022 жылы – 10,6 мың, 2023 жылы – 10,7 мың, 2024 жылы – 11,2 мың, ал 2025 жылы – 10,6 мың белгі орнатылды. Биылғы жылы шамамен 8 мың жол белгісін орнату және ауыстыру жоспарлануда – деп айтылды Көліа министрлігінде.

Еске сала кетейік, Көлік министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы Қазақстанда автомобиль жолдарынның 321 мың шақырымы күрделі жəне 3,7 мың шақырым орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.