
2025 жылдың қорытындысы бойынша Toyota бірден үш елде сату көлемін бір млн бірліктен асыра алған әлемдегі жалғыз бренд болды. Тағы 17 елде сату көрсеткіштері 100 мыңнан бір млн-ға дейін ауытқиды, деп жазады Car Industry Analysis.
2025 жылы Toyota брендінің бүкіл әлем бойынша жиынтық сатылымы шамамен 9,7 млн бірлікті құрады. Ең көп сатылғаны АҚШ, Қытай және Жапонияда.
2025 жылы Toyota автокөліктерін сату көлемі бойынша топ-10 ел:
Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, Toyota автокөліктері сатылым деңгейі бойынша отандық нарықтың топ-10 қатарына кіретінін атап өтейік. 2025 жылы брендтің 11 338 машинасы сатылды.
Бұған дейін Toyota Motor Corporation 2025 жылға арналған есепте Латын Америкасын қоспағанда, барлық негізгі нарықтарда Toyota және Lexus автокөліктері сатылымының өскенін атап өтті, онда көрсеткіштер 3,2%-ға, 472 мың өткізілген автокөлікке дейін төмендеді. Бұған Бразилиядағы сатылымның 13,7%-ға, 173 мыңға дейін төмендеуі себеп болды.