
Clean Technica деректеріне сілтеме жасап The World Facts хабарлағандай, Tesla Model Y, BYD Song және Geely EX2 (Қазақстанда Geely Galaxy EX2) 2026 жылдың басынан бері ең көп сатылған электромобильдер атанды.
Ең танымал он электромобильдің қатарында тек екі модель гана Қытайдікі емес.
2026 жылдың қаңтар-шілде аралығында әлемде ең көп сатылған топ-10 электромобиль:
Айта кетейік, топ-20 қатарында да басым көпшілігі қытайлық брендтердің модельдері. Олардың ішінде тек біреуі гана Жапониядан – Toyota BZ4X.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың қаңтар-маусым аралығында Еуропада қытайлық брендтердің автокөлік сатылымы 663 мың бірлікке жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе артық. "Қытайлықтар" арасында еуропалық елдердің нарығындағы барлық сатылымның жартысынан астамын қамтамасыз еткен MG және BYD брендтері көш бастады.