
2026 жылдың тамыз айында Қазақстанда 166 547 бірлік көлік құралы есепке қойылды. Оның 87,5%-ы – жеңіл автокөліктер, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Тамыз айында тіркелген жеңіл автокөліктердің шығарылған жылы бойынша үлестірілуі төмендегідей:
Өңірлік тұрғыда шығарылған жылы 20 жылдан асқан жеңіл автокөліктердің ең көп саны Алматы облысында (6 254 бірлік), Жамбыл облысында (4 643) және Түркістан облысында (4 559) есепке қойылды.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанның автопаркінде 6,1 млн-ға жуық көлік құралы бар. Оның ішінде жеңіл автокөліктер 5,1 млн бірлікті (автопарктегі үлесі 83,9%), жүк көліктері – 496,1 мыңды (8,1%), тіркемелер – 263,9 мыңды (4,3%), автобустар мен шағын автобустар – 89,5 мыңды (1,5%), мотоциклдер – 75 мыңды (1,2%) және басқа да автокөлік құралдары – 58,7 мыңды (1%) құрайды.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Автокөлік Одағының деректері бойынша, 2026 жылдың тамызында Қазақстандағы ресми дилерлер 19 104 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан. Бұл өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 6,3%-ға артық.