26.08.2026 14:22

Қазақстанда 3,7 мың шақырым жол құрылыс пен қайта жаңартумен қамтылды

Барлығы 14 автожол жобасы бар.

AutoReport редакциясы
Қазақстанда 3,7 мың шақырым жол құрылыс пен қайта жаңартумен қамтылды
Фото: Көлік министрлігі

2026 жылдың тамызында Қазақстанда бірден үш автожол жобасын іске асыру басталды: ұзындығы 800 шақырым болатын "Бейнеу – Сексеуіл"», 462 шақырымдық "Қызылорда – Сексеуіл" және 312 шақырымдық "Ұлғайсын – Сексеуіл". Осылайша, қазіргі уақытта елде жалпы ұзындығы 3,7 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 14 жол қайта жаңарту және құрылыс жұмыстарымен қамтылған, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

2026 жылы жалпы ұзындығы 69,6 шақырым болатын үш жобаны аяқтау көзделген. Олар – ұзындығы 27,7 шақырымды құрайтын "Рахман қайнарлары" жобасы, 14,9 шақырымдық "Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы" автожолы және ұзындығы 27 шақырым болатын Атырау қаласының айналма жолы.

2027 жылы тағы үш жобаны аяқтау жоспарлануда. Олар – ұзындығы 208 шақырым болатын "Қызылорда – Жезқазған" автожолы, 28 шақырымдық "Ақтөбе – Ұлғайсын" учаскесі және ұзындығы 2,7 шақырымды құрайтын Ертіс өзені арқылы өтетін көпір. Бұл нысандардың жалпы ұзындығы 238,7 шақырымды құрайды.

Аталған нысандардан бөлек, ағымдағы жылы Сарыағаш қаласының 102 шақырымдық айналма жолын салу жұмыстары, сондай-ақ 234 шақырымдық "Ақтөбе – Ұлғайсын", 572 шақырымдық "Қарағанды – Жезқазған" учаскелерін, Қызылорда қаласының 26 шақырымдық айналма жолын және 896 шақырымдық "Орталық – Батыс" жолын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.