13.07.2026 16:30

Қазақстандағы ақылы жолдардың абонементтері қанша тұрады

Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" оларды қалай ресімдеу керектігін айтты.

AutoReport редакциясы
Қазақстандағы ақылы жолдардың абонементтері қанша тұрады
Фото: ҚазАвтоЖол

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ қазақстандықтардың ақылы жолдармен жүру үшін абонементтер сатып ала алатынын еске салды. Ұлттық компания олардың құны қанша болатынын және абонементті қалай ресімдеуге болатынын түсіндірді.

Абонементтердің екі түрі бар – бір айлық және бір жылдық.

Бір айлық абонемент:

  • жеңіл көліктерге қарастырылмаған;
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 2 АЕК (8 650 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 1 АЕК (4 325 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 4 АЕК (17 300 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 2 АЕК (8 650 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 6 АЕК (25 950 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 3 АЕК (12 975 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, бірақ 15 тоннадан аспайтын жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 8 АЕК (34 600 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 4 АЕК (17 300 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері мен ершікті тартқыштар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 10 АЕК (43 250 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 5 АЕК (21 625 теңге).

Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):

  • жеңіл көліктер үшін – 1 АЕК (4 325 теңге);
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 20 АЕК (86 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 12 АЕК (51 900 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 40 АЕК (173 000 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 24 АЕК (103 800 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 60 АЕК (259 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 36 АЕК (155 700 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, бірақ 15 тоннадан аспайтын жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 80 АЕК (346 000 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 48 АЕК (207 600 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері мен ершікті тартқыштар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 100 АЕК (432 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 60 АЕК (259 500 теңге).

Абонементтерді үш тәсілмен сатып алуға болады: 1403 байланыс орталығы арқылы, kaztoll.kz сайты арқылы, сондай-ақ төлем алу пункттерінде (ТАП) немесе клиенттермен жұмыс істеу орталықтарында (КЖО).

Бұған дейін Көлік министрлігі Қазақстандағы ақылы жолдармен жүргені үшін ақы төлеу механизмін жеңілдеткен болатын. Министрлік басшысының бұйрығына сәйкес, жол ақысы төленбегені туралы ақпарат көліктік бақылау органдарына жіберілетін мерзім ұзартылды.