24.09.2026 11:35

14-буындағы Nissan Skyline 2026 жылдың желтоқсанында дебют жасайды

Техникалық сипаттамалары әлі жарияланған жоқ.

AutoReport редакциясы
14-буындағы Nissan Skyline 2026 жылдың желтоқсанында дебют жасайды
Фото: testdrive.com.ua

Жаңа 14-буын Nissan Skyline сатылымға 2026 жылдың желтоқсанында түседі, бұл туралы компанияның бас директоры Иван Эспиноса Nikkei порталына берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, 14-буындағы Nissan Skyline іштен жану қозғалтқышы бар спорттық седан болады. Дегенмен, ол қозғалтқыштың орналасуын, цилиндрлер санын немесе трансмиссия нұсқаларын нақтылаған жоқ.

Бұған дейін модельдің жапон нарығына бағытталатыны хабарланған еді. Ал бірқатар БАҚ бұл автокөлік қос турбоүрлеуі бар үш литрлік V6 қозғалтқышы бар артқы жетекті болады деп мәлімдеген. Гибридті нұсқасының да шығу ықтималдығы жоғары.

"Skyline – тек көлік ретінде ғана емес, сонымен қатар жылдамдатылған әзірлеу процесінен өткен алғашқы Nissan ретінде жылдамдықтың символы болып табылады", – деді Иван Эспиноса.

Ол 14-буындағы Nissan Skyline модельін әзірлеу циклы 26 айды алғанын, ал бұрын жаңа өнімдер үстінде 55 ай жұмыс істегенін айта кетті. Мәселе мынада, автомобилдерді әзірлеу бойынша жобалардың 90%-ын қазір жасанды интеллект жүзеге асырады.

2026 жылдың мамырында Nissan-ның дизайн бойынша жаһандық директоры Альфонсо Альбайса жаңа Skyline дизайны "өткеннен" шабыт алғанын, бірақ ол ретро-стильде болмайтынын, керісінше – түпнұсқаны еске түсіретін пропорциялары бар агрессивті әрі заманауи болатынын мәлімдеді.