30.07.2026 11:27

2026 жылдың I тоқсанындағы әлемдік ең ірі автоөндірушілер

Үлкен алшақтықпен көш бастап тұрған – Toyota Motor Corporation.

AutoReport редакциясы
2026 жылдың I тоқсанындағы әлемдік ең ірі автоөндірушілер
Фото: Toyota

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Toyota Motor Corporation, Volkswagen Group және Hyundai Motor Group әлемдегі ең ірі автоөндірушілер атанды, деп хабарлайды Car Industry Analysis.

Қытайлық холдингтер арасында Geely Automobile көш бастады, ал Қытайдың басқа ірі өндірушілерінде сату көлемінің төмендегені байқалады.

2026 жылдың I тоқсанындағы сату деңгейі бойынша әлемдегі топ-10 ең ірі автоөндіруші:

  • Toyota Motor Corporation (құрамына Toyota, Lexus және Daihatsu брендтері кіреді) – шамамен 2,7 млн сатылым (2025 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда -1%);
  • Volkswagen Group (Volkswagen, Audi, Porsche, Skoda, SEAT, Bentley және Lamborghini) – шамамен екі млн (-4%);
  • Hyundai Motor Group (Hyundai, Kia және Genesis) – шамамен 1,8 млн (-1%);
  • Stellantis (Peugeot, Citroen, Opel, Jeep, Ram Trucks, Chrysler, Dodge, Fiat, Alfa Romeo және басқалары) – шамамен 1,4 млн (+12%);
  • General Motors (Chevrolet, GMC, Buick және Cadillac) – шамамен 1,1 млн (-6%);
  • Ford Motor Company (Ford және Lincoln) – 934 мың (-4%);
  • Geely Automobile (Geely, Zeekr, Volvo, Lynk & Co және басқалары) – 925 755 (өзгеріссіз);
  • Suzuki – 902 мың (+3%);
  • Nissan Motor (Nissan, Infiniti және Datsun) – 827 024 (-5%);
  • Honda Motor (Honda және Acura) – 826 мың (-8%).

Айта кетейік, өткен жылдың I тоқсанымен салыстырғанда топ-5 тізімінде өзгерістер жоқ. Ал топ-10 қатарынан бұған дейін алтыншы орында тұрған BYD (BYD, Denza, Fangchengbao және Yangwang) "шығып қалды". Қытайлық компанияның сатылымы тіпті үштен бірге жуық төмендеп, 700 мыңнан сәл ғана асты.

Еске сала кетейік, брендтер бөлінісінде Toyota, Volkswagen және Hyundai автокөліктері әлемдік нарықтың көшбасшылары болып табылады.