
Nissan Qashqai e-Power гибридті автокөлігі Колумбияда көлемі 55 литрлік бір бак отынмен екі мың шақырымға жуық жолды жүріп өтті. Бұл жетістік Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
Сынақтар 2026 жылдың 14-17 шілдесі аралығында Боготадан Колумбияның Кариб жағалауына дейін өтті. Маршрут қалаларды, ауылдық жолдарды және таулы учаскелерді қамтыды. Nissan өкілдері ресми түрде бекітілмес бұрын саяхаттың әрбір кезеңі бақылауда болып, тәуелсіз сертификаттаудан өткенін хабарлайды.
Айта кетейік, Nissan Qashqai e-Power бензинді қозғалтқышы тек генератор ретінде жұмыс істейтін REEV гибридті технологиясын пайдаланады, ал автокөлікті бензинді қозғалтқыштан қуат алатын электрлі мотор қозғалысқа келтіреді.
Nissan ұсынған e-Power жүйесінің қазіргі нұсқасы Еуропада 2025 жылы таныстырылды. Ол электр қозғалтқышын, генераторды, инверторды, редукторды және мультипликаторды бір блокқа біріктіретін модульдік күштік қондырғыны пайдаланады. Компания бұрынғы нұсқамен салыстырғанда отын шығыны 12%-ға төмендеп, WLTP циклі бойынша 22,2 шақырым жолға бір литрді құрайтынын мәлімдейді. Сонымен қатар, салон ішіндегі шу деңгейі 5,6 децибелге төмендеп, техникалық қызмет көрсету аралығы 150 мыңнан 200 мың шақырым жүріске дейін артты.