08.12.2025 16:17

Әлемдегі ең сенімді көліктер аталды

Тізімде Subaru, BMW және Porsche көш бастады.

Әлемдегі ең сенімді көліктер аталды
Фото: Pixabay

Consumer Reports аналитиктері әлемдегі ең сенімді көліктердің рейтингін жасап, болашақта рейтингтің өсуі мен төмендеуін болжады. Рейтінгте Subaru, BMW және Porsche көш бастады.

Subaru және BMW рейтингте бірінші және екінші орындарды сақтап қалды. Lexus бұрын үшінші орынды иеленген, бірақ алтыншы орынға түсіп кетті.

Әлемдегі ең сенімді 10 көліктің қатарына мыналар кіреді:

  • Subaru;
  • BMW;
  • Porsche;
  • Honda;
  • Toyota;
  • Lexus;
  • Lincoln;
  • Hyundai;
  • Acura;
  • Tesla. 

GMC, Land Rover және Jeep рейтингте ең нашар көрсеткіштерге ие болды.

Сарапшылар брендтің сенімділігін толық түсіну үшін үнемі бірінші орынды иеленіп тұрған компанияларды ескеру маңызды екенін атап өтті, себебі модельдер қатарындағы кез келген өзгеріс рейтингті нашарлатуы мүмкін. Мысалы, Lexus GX жол талғамайтын көлігінің өнімділігінің нашарлауына және ES седанының өндірісінің тоқтатылуына байланысты рейтингте үш орынға төмендеді. Оның жақын арада жаңа буынға жаңартылатыны күтілуде.

Сонымен қатар, Lincoln және Tesla модельдерінің қатарын сақтап қалудың арқасында сәйкесінше 17 және 8 орынға көтерілді, осылайша тұтынушылардың қанағаттанушылық көрсеткіштерін жақсартты. Ал Audi сенімді A4 седанының шығарылуын тоқтатуға байланысты 10 орынға төмендеп, 16-шы орынға түсті, оның орнына Q4 E-Tron электр көлігі келді.

Еске сала кетейік, шілде айындағы сенімділік рейтингінде Subaru, Toyota және Lexus көшбасшылар болды.