16.10.2026 14:36

Tesla жаңа ұшатын автокөліктің мүмкіндіктерін көрсетті (видео)

Компания автокөліктің үш нұсқасын таныстырды.

AutoReport редакциясы
Tesla жаңа ұшатын автокөліктің мүмкіндіктерін көрсетті (видео)
Фото: Tesla

Tesla Roadster гиперкарының жаңа буынын таныстырды. Автокөліктің үш нұсқасы қолжетімді, үздік нұсқасы ұша алады.

Автокөліктерді сериялық шығару 2028 жылы басталады. Бағасы әлі жарияланған жоқ. Дегенмен, алдын ала тапсырыс беру үшін депозит енгізу қажет.

Performance нұсқасы жалпы пайдаланымдағы жолдарға арналған. Оның жүру қоры 480 километрді құрайды. Автокөлік сағатына 100 километр жылдамдыққа 1,6 секундта жете алады. Thrust тректік сапарларға арналған, автокөлік газды үдеткіштермен жабдықталған және сағатына 100 километр жылдамдыққа бір секундтан аз уақытта жете алады.

SpaceX технологияларымен жабдықталған ұшатын Rocket модельдің флагманы болды. Автокөлік жалпы пайдаланымдағы жолдарға жіберілмейді. Периметрі бойынша орналасқан газ шүмектерінің арқасында Tesla Roadster Rocket әуеге көтеріліп, тіпті ауада маневр жасай алады. Автокөлік сағатына 100 километр жылдамдыққа бір секундтан аз уақытта жете алады, ал оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 400 километрге жетеді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша BYD электромобильдерді сату деңгейі бойынша (гибридтерді есепке алмағанда) алғаш рет Tesla-дан озып кетті. Қытайлық бренд сату көрсеткішін төрттен бір бөлікке арттырса, ал американдық бренд төмендеуді тіркеп отыр.