16.09.2026 13:24

Бесінші буындағы Hyundai Tucson өндірісі Қазақстанда қашан басталады

Автокөлік шағын торапты өндіріс әдісімен шығарылады.

AutoReport редакциясы
Бесінші буындағы Hyundai Tucson өндірісі Қазақстанда қашан басталады
Фото: Hyundai

Бесінші буындағы Hyundai Tucson кроссоверлерін өндіру 2027 жылдың желтоқсанында Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында жергіліктендіріледі, тиісті келісімге Оңтүстік Кореяда Astana Motors пен Hyundai Motor Company арасында қол қойылды.

Инвестицияның жалпы көлемі 67 млн долларды құрайды.

Автокөлік шанақты дәнекерлеу және сырлау жұмыстары бар шағын торапты өндіріс (CKD) әдісімен шығарылады.

Еске салсақ, бесінші буындағы Hyundai Tucson дизайны алғаш рет 2026 жылдың тамызында көрсетілген болатын. Кроссовер Art of steel тұжырымдамасына сәйкес қырлылау стильге ие болды.

Сыртқы келбеті енді жол талғамайтын көлікке көбірек ұқсайды. Дегенмен, ресми фотосуреттерге қарағанда, клиренс төртінші буындағы Hyundai Tucson деңгейінде қалған. Сондықтан автокөліктің өтімділігі аса өзгере қоймаған сияқты.

Кейінірек Hyundai модельдің техникалық сипаттамаларын жариялады. Гибридті бесінші буындағы Hyundai Tucson қуаты 242 ат күшін құрайтын 1,6 литрлік турболы бензинді қозғалтқыш базасында құрастырылған, ал айналу моменті 380 ньютон-метрді құрайды. Автокөлік сағатына 100 километр жылдамдыққа 8,5 секундта жетеді.

Ал бензинді Hyundai Tucson-ға келетін болсақ, ол да 1,6 литрлік турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Оның қуаты шамамен 177 ат күшін, ал айналу моменті 217 ньютон-метрді құрайды. Автокөлік сағатына 100 километр жылдамдыққа 9,5 секундта өрлей алады.

Бесінші буындағы Hyundai Tucson Оңтүстік Кореяда 2026 жылдың соңында сатылымға шығады деп күтілуде, кейін 2027 жылдың басында АҚШ пен Еуропа нарығына жол тартады.