21.08.2026 13:22

Hyundai бесінші буындағы Tucson дизайнын көрсетті

Сату 2026 жылдың соңында басталады деп жоспарланған.

AutoReport редакциясы
Hyundai бесінші буындағы Tucson дизайнын көрсетті
Фото: Hyundai

Hyundai танымал Tucson кроссоверінің бесінші буын дизайнын таныстырды. Автокөлік барынша бұрышты стильге ие болды. Техникалық сипаттамалары әзірге жарияланған жоқ.

Жаңа Hyundai Tucson Art of steel тұжырымдамасына сай орындалған. Бұған дейін мұндай стильді сегізінші буындағы Hyundai Elantra седаны да алған болатын.

Кроссовердің сыртқы келбеті енді жол талғамайтын көлікке көбірек ұқсайды. Дегенмен, ресми фотосуреттерге қарағанда, клиренс төртінші буындағы Hyundai Tucson деңгейінде қалғандай. Сондықтан автокөліктің жүру мүмкіндігі қатты өзгере қоймаған сияқты.

Сондай-ақ салон дизайны да ауқымды өзгеріске ұшырады: аспаптар панелі алдыңғы әйнекке жақындай түскен және үлкен сенсорлық Pleos экраны пайда болған.

Бесінші буындағы жаңа Hyundai Tucson сипаттамалары мен бағасы әлі хабарланған жоқ. Көлік ең алдымен 2026 жылдың соңында Оңтүстік Кореяда сатылымға шығатыны, одан кейін 2027 жылдың басында АҚШ пен Еуропа нарығына жол тартатыны ғана белгілі.

Бұған дейін AutoReport редакциясы Hyundai компаниясы Tucson кроссоверінің бесінші буынын 2026 жылдың соңына дейін таныстырады деп болжаған еді. Бренд гаммада классикалық гибрид пен плагин-гибридті (PHEV) сақтап қалады деп күтілуде. Бұдан бөлек, 295 аттың күші бар гибридті қондырғысы және толық жетегі бар спортық Tucson N нұсқасы шығуы мүмкін деген де сыбыстар бар. Алайда мәселенің екінші жағы да бар — келесі буындағы Tucson электрлік қосымшасыз таза бензинді нұсқалардан толықтай айырылуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, бастапқы бағаның айтарлықтай өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал.