
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы қабылданады, оның шеңберінде автосақтандыру жүйесін реформалау жоспарлануда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жаңа жүйеге өту кезең-кезеңімен жүзеге асатынын айтты.
Жаңа жүйеге көшу кезең-кезеңімен болады. Бірінші кезеңде скорингтің полистің құнына әсері қолданыстағы тарифтің ±20% шегімен шектелетін болады. Бұл жаңа модельдерді тексеруге және қажетті статистиканы жинақтауға мүмкіндік береді. Олардың объективтілігі расталғаннан кейін бірыңғай тарифтік дәлізге көшу жоспарлануда, оның шегінде сақтандырушылар полистің құнын дербес анықтай алады.
"Тарифтік дәліздерді реттеуші тәуелсіз актуарлық бағалау негізінде белгілейтін болады және нарықтық жағдайларға байланысты үнемі қайта қаралатын болады",- делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.
Сонымен бірге сақтандыру төлемдерінің мөлшерін айқындаудың ашықтығы арттырылатын болады. Ол үшін қосалқы бөлшектердің, шығыс материалдарының және жөндеуге жұмсалатын еңбек шығындарының бірыңғай салалық анықтамалығын жасау жоспарлануда. Бірыңғай ақпараттық базаны пайдалану залалды бағалауды біріздендіруге, есептеулердегі сәйкессіздіктерді азайтуға және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін автокөлік иелері үшін болжамды етуге мүмкіндік береді.
2021-2025 жылдар аралығында міндетті автосақтандыру бойынша сыйлықақылардың көлемі 44%-ға – 82 млрд теңгеден 118 млрд теңгеге дейін, сақтандыру төлемдерінің көлемі 179%-ға – 38 млрд теңгеден 106 млрд теңгеге дейін өскенін атап өткен жөн. Осы кезеңде шығындылық коэффициенті 51%-дан 106,8%-ға дейін өсті. Шығындылықтың өсуіне, оның ішінде елдегі апаттылықтың өсуі әсер етеді (2021-2022 жылдары ЖКО саны 9,5%-ға 7 862 жағдайға дейін, 2024-2025 жылдары 51,0%-ға артып, 19 142 жағдайға жетті), сондай-ақ ТҚҚ және қосалқы бөлшектер қызметтері құнының өсуі (2021-2025 жылдар кезеңінде өсім - 65%) әсер етті.
Еске салсақ, 2030 жылға дейінгі Сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасына сәйкес, полис құны жүргізушінің жеке тәуекелін көбірек ескеретін болады. Страховой компаниялар Бiраңғай сақтандыру дерекқоры мен мемлекеттік дерекқорлардың ақпаратын пайдалана отырып, жүргізушілерді скорингтеудің жеке жүйесін есепке алу арқылы төлемдер (премиялар) мөлшерін есептей алады. Жекелей алғанда, шығындар тарихы, жүргізу мәнері, жол жүрісі қағидаларын бұзу, жүргізушінің (жүргізу өтілі мен жасы) және автокөліктің (жүрген шақырымы, пайдалану режимі, пайдалану өңірі) сипаттамалары ескерілетін болады.
Осылайша, тәуекел деңгейі төмен адал жүргізушілер сақтандырудың тиімдірек шарттарын ала алады, ал апаттылық деңгейі жоғары жүргізушілер үшін полис құны жоғары болады.