
2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті автосақтандыру жүйесіндегі өзгерістер күшіне енеді. Түзетулер алғаш рет сақтандыру шартын жасасқан жүргізушілерге (автомобиль және мотоцикл иелеріне), сондай - ақ аймақтық коэффициенттерді жаңарту арқылы барлық автокөлік иелеріне әсер етеді. Сақтандыру полисінің құнына және автокөлік жүргізушілерінің бюджетіне қалай әсер ететінін Fingramota.kz дайындаған материалдан қарайық.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының базалық құны 2026 жылы шамамен 8 217 теңгені құрайды. Құнның өсуі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 325 теңге мөлшерінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты.
Базалық құн бастапқы шама болып табылатынын, ал полистің қорытынды құны түзету коэффициенттерін қолдана отырып, оның ішінде мыналарды ескере отырып қалыптастырылатынын ескеру қажет:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір өңірдің шығындылығы статистикасын ескере отырып қалыптастырылған түзету коэффициенттерінің жаңартылған мәндері қолданылады.
Апаты жоғары өңірлерде сақтандыру қымбатырақ болады. Жекелеген өңірлерде сол деңгейде қалады. Бұл базалық құны бірдей болса да, әр түрлі өңірлердегі сақтандыру әр түрлі болады дегенді білдіреді.
Маңызды өзгерістердің бірі автосақтандыруды алғаш рет ресімдеген жүргізушілер үшін сақтандыру шарттарын қайта қарау болады. 2026 жылдан бастап жаңа сақтанушылар үшін тарифтік мөлшерлемелерді төмендету көзделген. Бұл шара рульге алғаш отырғандар үшін полисті ресімдеу кезіндегі кедергілерді азайтуға бағытталған. Бұл тәсіл сақтандыру мәдениетін дамытуға, жолдардағы жауапкершілікті арттыруға және міндетті сақтандырудың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сақтандыру шартын рәсімдеу кезінде нені ескеру керек:
Сарапшылар автокөлік жүргізушілеріне бір компанияға бағдарланбай, әр түрлі сақтандырушылардың ұсыныстарын салыстыруға, сондай-ақ шығыстарды жоспарлау кезінде өңірлік коэффициенттерді ескеруге және полистің шарттарын мұқият оқып шығу, әсіресе бірінші ресімдеу кезінде оқуға кеңес береді.