
Қазақстанда 2024 жылдан бері "Еурохаттама" бойынша 29 мыңға жуық сақтандыру жағдайы реттелді, бұл туралы Kazakhstan Insurance Forum 2026 форумында сөз сөйлеген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов хабарлады.
Оның айтуынша, төлемдердің жалпы суммасы 5,9 млрд теңгеге жетті.
"Еурохаттаманы енгізу маңызды практикалық нәтиже болды. 2024 жылдан бастап оны пайдалану арқылы азаматтардың полицияға және сотқа жүгінуінсіз-ақ 5,9 млрд теңге сомасына 29 мыңға жуық сақтандыру жағдайы реттелді", – деп мәлімдеді Нұржан Тұрсынханов.
Еске сала кетейік, "Еурохаттама" жол-көлік оқиғасын сақтандыру компаниясы мен полицияны шақырмай-ақ онлайн-режимде тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін шығын сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауы, екі тарап та күнәліні мойындауы, сондай-ақ үшінші тұлғалар мен инфрақұрылым зардап шекпеуі тиіс.
Қазақстанда "Еурохаттама" 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады.