
Қытайдың Xiaomi технологиялық компаниясы гибридтер нарығына қадам басқанын айғақтап, өзі әзірлеген Kunlun автокөлік архитектурасын таныстырды, деп жазады Chinadaily порталы.
Kunlun — көліктің жүру қорын арттыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ жоғары қауіпсіздік пен кеңейтілген салонды қамтитын мамандандырылған платформа.
Xiaomi сонымен қатар өзінің SkyNomad суббрендімен екі гибридті автокөлікті таныстырды: жеті орындық N90 және бес орындық N70. Бұл модельдердің дебюті 2026 жылдың қыркүйек айында күтілуде. Екі автомобиль де Kunlun архитектурасы негізінде әзірленген.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың қаңтар-маусым аралығында қытайлық компаниялар 15 млн жаңа автокөлік сатты. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға аз. Ал жергілікті нарықтағы сату көлемі шамамен төрттен бірге төмендегенімен, бұл шығын экспорттың өсуімен өтелді.