
Volvo брендтің жаңа автокөліктерінің салонына физикалық батырмаларды қайтарады. Компания сенсорлық экранның қалатынын, ал физикалық батырмалар премиумдық сезім сыйлауы тиіс екенін атады, деп жазады Motor1 порталы.
2026 жылдың басында компанияға дизайн бөлімінің басшысы лауазымына Томас Ингенлат оралды. Қыркүйек айында-ақ ол жүргізушілердің өз автокөліктерімен өзара әрекеттесуін қайта қарастырғысы келетінін мәлімдеді. Осы стратегияның бір элементі – басқарудың физикалық элементтерін қайтару.
Дегенмен, аспаптар панелі ондаған ауыстырып-қосқышпен қапталады деп күтудің қажеті жоқ. Томас Ингенлаттың айтуынша, сенсорлық экран өзінің "негізгі функцияларымен" қалады. Сондықтан аспаптар панелінде тұтас ауыстырып-қосқыштар қатарының пайда болу мүмкіндігі алынып тасталды.
"Біз сенсорлық экрандардан бас тартпаймыз. Сенсорлық экранды қай салада тиімді болса, сонда қолданамыз. Экранда үнемі көрініп тұратын кейбір функциялар ол жерде болмауы тиіс. Олардың барлығы бірдей дисплей арқылы ыңғайлы жүзеге асырылмаған. Біз сенсорлық экранды тек өзіне қолайлы тапсырмалар үшін ғана пайдаланғымыз келеді. Сондықтан да қазіргі автокөліктермен салыстырғанда бірнеше батырманы қайта қайтарып жатырмыз", – деді Volvo дизайнері.
Ол физикалық әрекеттесу премиумдық сезім ұялатуы тиіс екенін қоса айтты. Сондықтан компания басқару элементтеріне, басу дыбыстарына және материалдарға жұмыс істеп жатыр. Мүмкін, батырмалар тіпті әртүрлі пішінге ие болады.
Сондай-ақ Томас Ингенлат Volvo автокөліктер дизайнының алдыңғы бөлігін өзгертетінін мәлімдеді. Бұл, сірә, брендтің әйгілі радиатор торының қайта қарастырылған нұсқасы болмақ.
Aйта кетейік, Volvo физикалық батырмалар қайта оралып жатқан жалғыз бренд емес. 2025 жылдың маусымында Volkswagen ID сериялы электромобильдеріне бұл элементтерді қайтаратыны белгілі болды. Ал 2025 жылдың қарашасында Audi компаниясы клиенттердің тілегіне жауап ретінде дәстүрлі басқару элементтерін қайтарып жатқанын мәлімдеді.