08.09.2026 14:41

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолының бойында жыл соңына дейін жеті электрозарядтық станция орнатылады

Қазір бүкіл елде 62 ЭҚС бар.

AutoReport редакциясы
Фото: Көлік министрлігі

Жыл соңына дейін Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар тасжолдардың бойында 27 автожанармай құю станция салу жоспарлануда, онда электромобильдерге арналған қуаттандыру станцияларды орнату да қарастырылады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствода "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолын мысалға келтірді, онда жыл соңына дейін жеті электрозарядтық станция орнату жоспарлануда. Қазір олардың саны 19 бірлікті құрайды.

"Көлік министрлігі жол саласындағы ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа объектілер салу және қолданыстағыларды Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкестендіру мәселелері бойынша жол бойындағы сервис нысандарының жеке инвесторлары мен иелерімен жұмыс жүргізуде", – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, ведомство мәліметтері бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар тасжолдардың бойында 62 электрозарядтық станция (ЭҚС) бар. Олардың ең көп саны Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан (12 бірліктен). Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бірде-бір ЭЗС жоқ.