
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында елде 886,6 млрд теңге сомасына жаңа автонесие берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға аз. Осы аяда Қазақстанда автонесиелеу бойынша пайыздық мөлшерлеме де өсіп жатыр, сондай-ақ мақұлданған өтінімдердің үлесі төмендеуде.
Жаңа несие беру көлемінің қысқаруы салдарынан автонесиелеу портфелі бір жыл бұрынғы 23,2%-дық өсімге қарсы небәрі 5,2%-ға өсті. Сонымен қатар, портфель халықтың жиынтық берешегіндегі 16,3% үлесін сақтай отырып, бөлшек сауда үшін маңызды болып отыр.
Бұл 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 0,8 пайыздақ тармаққа аз. Автокөлікті кредитке сатып алуға барлығы 449,7 мың өтінім мақұлданды. Бұл өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 13%-ға аз.

Ең маңызды өзгеріс пайыздық шарттарға қатысты болды. Мәселен, автонесиелер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме бір жыл ішінде 24,4%-ға дейін өсті. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 5,6 %-ға көп. Мұндай динамика қаржыландыру көздерінің қымбаттауынан басқа белсенді дилерлік бағдарламалар кезеңінен кейін ұсыныс пен сұраныс құрылымының өзгеруін аңғартуы мүмкін деседі Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығында. Ең төлем қабілетті клиенттердің бір бөлігі автокөлікке деген қажеттілігін бұрын субсидияланатын дилерлік бағдарламалар арқылы қанағаттандырып үлгерген болуы ықтимал, ал ағымдағы сұраныс стандартты несиелеу шарттары қолжетімді қарыз алушылар тарапына қарай көбірек ығысуда.
"Осылайша, автонесиелеу бұрынғы жылдары бөлшек сауданың негізгі қозғаушы күштерінің бірі болса, қазіргі уақытта оның баяулауына әсер етіп отырған факторлардың біріне айналды ", - делінген Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының есебінде.
Берешек құрылымы негізінен ₸5–20 млн диапазонында шоғырлануын жалғастыруда, бұл автонесиелердің 90%-дан астамын қамтып, автомобильдердің ең жаппай баға сегментіне сәйкес келеді.

Қазақстандағы автонесие бойынша орташа айлық төлем елдегі орташа жалақының 30,6%-ын құрайды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,9 пайыздақ тармаққа артық. Мерзімі өткен несиелердің үлесі 3%-ды құрайды, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,7% болған еді.
"Бұл ретте салқындау клиенттік базаның қысқаруымен емес, көбінесе қарыз алушылардың белсенділігінің төмендеуімен және баға шарттарының нашарлауымен байланысты. Бірінші жартыжылдықта бірегей қарыз алушылардың саны бір жыл бұрынғы 80 мыңға қарсы 66 мыңға өсті, яғни жаңа клиенттерді тарту әлеуеті сақталуда, бірақ ол біршама баяу жүзеге асуда. Осы жағдайда сегменттің одан арғы өсімі несие құны мен сұраныстың төлем қабілеттілігіне көбірек тәуелді болуы мүмкін", - делінген Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының есебінде.
Екінші жартыжылдықта нарықтың ішінара қалпына келу әлеуеті бар, өйткені клиенттік база өсуін жалғастыруда, ал ішкі өндірістің кеңеюі жаңа автомобильдер сегментінде қосымша ұсыныс қалыптастыруда. Серіктестік бағдарламаларын қайта бастау, сондай-ақ қарыз ресурстары құнының ықтимал төмендеуі нарыққа қолдау көрсете алады.
Бұған дейін Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашева Үкімет отырысында жаңа автокөліктердің қолжетімділігін арттыру отандық автоөнеркәсіптің басым бағыттарының біріне айналатынын мәлімдеді. Автопаркті жаңарту үшін заманауи қаржылық құралдарды дамыту негізгі басымдықтардың бірі болады. Автонесиелеудің, trade-in мен лизингтік қаржыландырудың қолданыстағы тетіктерімен қатар, халық үшін жаңа автокөліктердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ыңғайлы әрі тиімді шешімдерді одан әрі енгізу жоспарлануда.