
2026 жылдың маусым айында Қазақстанда 167,9 мыңға жуық көлік құралы есепке қойылды. Бұл өткен аймен салыстырғанда 13,7%-ға, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 4,5%-ға көп, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Есепті кезеңде есепке қойылған машиналардың басым бөлігі жеңіл автокөліктерге тиесілі (87,4%). Тіркелген барлық көлік құралдарының үштен бірінен астамының қозғалтқыш көлемі 1,5-тен 2 литрге дейін.
Пайдаланылатын жанармай түрі бойынша:
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның автопаркінде 6 миллионнан астам көлік құралы бар. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында (733,3 мың бірлік) және Алматы облысында (646,3 мың) шоғырланған.
Тіркелген автопарк құрылымындағы үлесінің ең көбі жеңіл автокөліктер – шамамен 5,1 млн бірлік (жалпы санының 83,9%-ы), жүк көліктері – 493,7 мың (8,2%), автобустар – 89,5 мың (1,5%), мотоциклдер – 74,2 мың (1,2%), тіркемелер – 262,3 мың (4,4%) және басқа да көлік құралдары – 52,6 мың (0,9%).
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың маусым айында Қазақстанда 21 861 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылған болатын. Бұл өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 12,5%-ға көп.