
Қытайлық Changan Automobile автоөндірушісі Қазақстан нарығына өзінің екі бренді – Deepal мен Avatr-ды шығаруды жоспарлап отыр. Көліктердің сатылымы 2026 жылдың күзінде басталады деп күтілуде. Бұл туралы Business FM эфирінде Changan Kazakhstan директоры Денис Коломацкий мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
“Қазір біз модельдерді таңдап жатырмыз. Уақыт өте аз қалды. Шамасы, осы күзде олар Қазақстанда ресми түрде таныстырылады”, – деді Денис Коломацкий.
Айта кетейік, қос бренд те электромобильдер мен гибридтер шығаруға маманданған. Бұл ретте Avatr премиум-кластағы автокөліктерді шығарады, ал олардың модельдері – Changan, CATL (электромобильдерге арналған аккумуляторлар шығаратын әлемдегі ең ірі өндіруші) және Huawei компанияларының бірлескен әзірлемесі.
Бұған дейін Қазақстандағы Deepal, Avatr және Nevo брендтерінің ресми дистрибьюторы Flying Auto Sales and Service компаниясы болған еді. 2025 жылдың қыркүйегінде отандық нарықта Avatr 11 (бір – бір) моделі таныстырылған болатын. Сол кезде дистрибьютор бұл көліктерге өмірлік кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеген.