
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанға 134 366 жаңа және жүрілген жеңіл автокөлік әкелінген. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 59,4%-ға көп.
2025 жылы Қазақстан ең көп жеңіл көліктерді Қытайдан, АҚШ-тан және Жапониядан импорттаған. Топ-10 автокөлік жеткізушілері:
Айта кетсек, есепті кезеңде Қазақстан Өзбекстаннан бар болғаны үш жеңіл көлік әкелген. 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында жеткізілім болған жоқ.
Экспортқа келетін болсақ, 2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстан 683 жеңіл автокөлік экспорттады. Ең көп автокөлік Қырғызстанға (240), Беларуське (104) және Қытайға (100) жеткізілді.
Еске салсақ, Оңтүстік Кореяның Стартаптар, шағын және орта кәсіпкерлік министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылы жүрілген автокөліктер экспорты 5 миллиард доллардан асты. Қырғызстан Оңтүстік Кореядан автокөліктердің жетекші импорттаушысы болып табылады, 2024 жылы жеткізілімдердің 30,3 пайызын құрайды. Қазақстан 7,8 пайыздық үлеспен үшінші орында. Алғашқы Топ-5 импорттаушылар қатарына Ресей (15,3%), Біріккен Араб Әмірліктері (4,8%) және Ливия (4,3%) кірді.