
2026 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Қазақстанда 12 мыңнан астам электромобиль мен гибрид сатылды. Есепті кезең қорытындысы бойынша, бұл сегмент Қазақстан автонарығы үлесінің 8,9%-ын алады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайыздақ тармаққа артық, деп хабарлайды Қазақстан автобизнесі ассоциациясының баспасөз қызметі.
Есепті кезеңде Қазақстанда 9,8 мың гибридті автомобиль сатылды. Бұл 2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 2 есе көп. Ең көп сатылым көрсеткіші BYD (4,5 мың), Deepal (1,2 мың) және Li Auto (1,1 мың) брендтерінде.
Электромобильдер сатылымы 2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 16%-ға өсіп, 2,3 мыңға жетті. Мұнда да BYD бренді өткізілген 900-ге жуық автокөлік көрсеткішімен көш бастады. Ал Қазақстан автонарығы үшін жаңа "ойыншы" VinFast 573 электромобиль сатып, өз сегментінде бірден екінші орынға шықты. Үшінші орында — Zeekr (200-ге жуық сатылым).
2026 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Қазақстанда барлығы 105 886 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатылды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға артық. Қазақстан автонарығының көшбасшылары — Chevrolet, Hyundai және Kia брендтері.