2025 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Chevrolet Cobalt Қазақстанда жаңа жеңіл автокөліктерді сату бойынша бірінші орынға ие болды.
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" (ҚАО) мәліметіне сәйкес, бір ай ішінде бұл модельдің 2 050 данасы сатылды – бұл нарықтағы барлық ұсынылған брендтердің ішінде үздік нәтиже.
Сұраныстың тұрақты өсуіне байланысты бренд "Бұл баға, бұл пайда!" атты арнайы акцияны іске қосып отыр. Бұл акция аясында Chevrolet-тің үш негізгі моделі арнайы бағада қолжетімді:
Cobalt – 6 790 000 теңге бастап
Onix – 7 490 000 теңге бастап
Tracker – 10 240 000 теңге
Олардың ішінде Chevrolet Onix ерекше орын алады. 2024 жылдан бастап бұл модельдің сериялық өндірісі CKD (ұсақ торапты жинақтау) әдісімен Қостанай қаласындағы Allur зауытында жүзеге асырылып келеді. Бұл кәсіпорын Орталық Азияда алғаш болып роботтандырылған лазерлік дәнекерлеу технологияларын енгізді. Бұл технологиялар шанақ General Motors стандарттарына сай келетін жоғары дәлдікте жиналуын қамтамасыз етеді.
Өндіріс процесіне 3 500-ден астам маман тартылған, бұл өз кезегінде өндірістің жергіліктенуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірлік экономиканың дамуына үлес қосады.
Chevrolet бренді Қазақстандағы Allur автокөлік компаниясының құрамында 2020 жылдан бастап жұмыс істей бастағаннан бері елімізде 170 000-нан астам автомобиль өндірілді. Модельдік қатар қолжжетімді Cobalt седандарынан бастап, премиум сегменттегі жол талғамайтын көліктерге дейін әртүрлі тұтынушылық сұранысты қамтиды. Осы уақыт аралығында бренд ай сайынғы сатылым көлемі бойынша бес рекорд орнатты, бұл қазақстандық тұтынушылардың тұрақты қызығушылығын дәлелдейді.
Ел аумағындағы өндірісті дамыту мен дилерлік желіні кеңейту – нарықта ұзақ мерзімді болуды көздейтін бренд стратегиясының негізгі бағыттары болып қала береді.
"Бұл баға, бұл пайда!" акциясы Қазақстанның бүкіл аумағында Chevrolet-тің ресми дилерлік желісі арқылы жүзеге асады. Модельдер мен ұсыныс шарттары туралы толық ақпаратты ең жақын дилерден немесе бірыңғай анықтама қызметінің 7810 нөмірі арқылы біле аласыз.