
2026 жылдың мамырында Қазақстандағы ресми дилерлер 18 393 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты. Бұл өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда 5,3%-ға аз, ал 2026 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 11,8%-ға төмен, деп хабарлайды Қазақстан автокөлік одағының баспасөз қызметі.
2026 жылдың мамыр айындағы сатылым деңгейі бойынша Қазақстандағы ең танымал топ-10 брендтері:
Модельдер бойынша алсақ, ең көп сатылған көліктер Chevrolet Cobalt (2 238 дана), Hyundai Tucson (1 564 дана) және Changan CS55 Plus (637 дана).
Қазақстан автокөлік одағы мамыр айында белсенді өткен сәуірден кейін нарықтың тұрақтану белгілері байқалғанын атап өтті. Түрлі сегменттердегі модельдердің таңдауын, сондай-ақ дилерлердің арнайы ұсыныстары сатып алушылардың қызығушылығын арттырып отыр.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстанда барлығы 84 002 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға аз. Отандық автонарықта көшбасшылықты Chevrolet (14 469 сатылым), Hyundai (14 213) және Kia (10 910) брендтері өзара бөлісіп тұр.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан автонарығындағы қытайлық автобрендтердің үлесі 39%-ды құрайды. Сарапшылар бұл көрсеткіш әлі де өсе береді деген пікірде.