
Қазақстанда BMW iX3 жаңа электр кроссоверінің тұсаукесері өтті. Автокөлік дилерлік орталықтарда қолжетімді, ал оның құны 50,3 млн теңгеден басталады.
Өлшемдері бойынша BMW X3 бензиндік "бауырынан" біршама үлкен. Электр кроссоверінің ұзындығы 4 782 миллиметр, ені 1 895 миллиметр, биіктігі – 1 635 миллиметрді құрайды. Доңғалақ базасы 2 897 миллиметрге дейін ұлғайтылды. Багаж бөлімінің көлемі 520 литр.
---Interieur-Da.jpg)
Жаңа BMW iX3 толық жетекті қос моторлы электр қозғалтқышымен жабдықталған. Жалпы қуаты 345 киловаттқа (469 ат күші) жетеді, максималды айналу моменті 645 ньютон метрді құрайды. Жабдықталуына байланысты бір жерден сағатына 100 шақырымға дейін үдеу 4,9 секундты алады, максималды жылдамдық сағатына 210 шақырым белгісінде электроникамен шектеледі. Автокөліктің жүру қоры бір зарядта 805 шақырымға жетеді.
Стандартты жабдыққа жаңа буынғы BMW Panoramic iDrive кешені кіреді. Ақпарат BMW Panoramic Vision жүйесі арқылы алдыңғы әйнектің төменгі жағына проекцияланады және көліктің негізгі функциялары 4K ажыратымдылығы бар үлкен 40 дюймдік дисплей арқылы қол жетімді.
---Totale-Rear.jpg)
Тағы бір маңызды ерекшелігі – 400 киловаттқа дейінгі аса жылдам зарядтауды қолдау.
Бұрын BMW X5 үшін дизайн әзірлеумен айналысқан автомобиль дизайнері Фрэнк Стивенсон жаңа iХ3 дизайны туралы өз пікірімен бөлісті.