
Қазақстанда Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында VOLTREX майлау материалдарын өндіретін заманауи блендинг зауыты салынуда. VOLTREX - ішкі нарықтың өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз етуге және өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған қазақстандық мотор және техникалық майлар бренді. Кәсіпорынның іске қосылуы ел бойынша майлау материалдарының логистикалық қолжетімділігін арттырады: Шымкенттің ірі көлік дәліздеріне жақын орналасуы өнімді Қазақстанның өңірлеріне жедел жеткізуге және сыртқы нарықтарға экспортты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Импортты алмастыруға бағытталған жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ даму институттарының құралдарын тарту арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігінің белсенді қолдауымен іске асырылуда. Зауыт 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі, жобалық қуаттылығы жылына 50 000 тоннаға дейін жетеді. Өндіріс желісіне энергетика, өнеркәсіп және көлік салаларының талаптарына бейімделген VOLTREX мотор, гидравликалық, трансформаторлық, турбиналық, индустриялық, компрессорлық және трансмиссиялық майлары кіреді. Жобаға салынған инвестиция көлемі 25 млн АҚШ долларын құрайды - бұл соңғы жылдары Қазақстандағы майлау материалдары сегментіндегі ең ірі жобалардың бірі.
Кәсіпорынның меншікті зертханасы өнім сапасын тұрақты бақылауды және жаңа формулаларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Зертхана аттестатталған, қазіргі уақытта ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес кеңейтілген сынақтар жүргізуге мүмкіндік беретін аккредиттелген зертхана мәртебесін алу бағытында дайындық жұмыстары жүргізілуде. VOLTREX зауыты жетекші еуропалық өндірушілердің заманауи технологияларымен, оның ішінде автоматтандырылған блендинг жабдықтарымен жарақтандырылған. Бұл технологиялық база араластыру процестерін дәл бақылауға және өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
VOLTREX жобасы энергетикалық машина жасау және инфрақұрылымдық шешімдер саласындағы Қазақстанның жетекші холдингтерінің бірі - «Alageum Electric» өнеркәсіптік Тобы аясында жүзеге асырылуда.
VOLTREX-тің жергілікті өндірісі тұтынушыларға маңызды артықшылықтар ұсынады: рецептуралар климаттық және пайдалану ерекшеліктеріне бейімделген, өнім ұзақ сақтау мен тасымалдауды қажет етпейді, ал әр партияның құрамы мен сапасы қатаң бақылаудан өтеді. Кәсіпорын пайдаланылған майларды қайта өңдеу және регенерациялау бойынша заманауи кешенмен жабдықталған. Көпсатылы терең тазарту технологиясы қауіпті қалдықтар көлемін едәуір азайтып, топырақ пен су ресурстарының ластануын болдырмайды және экологиялық басымдықтарды қолдай отырып, индустриялық майлағыштар мен жалпы мақсаттағы майларды шығаруға мүмкіндік береді.
VOLTREX сапа, экология және еңбекті қорғау бойынша интеграцияланған менеджмент жүйесін (СТ РК ISO 9001, 14001, 45001) енгізуде және өндірістік процестерді IATF 16949 талаптарына сәйкестендіру бағытында жұмыс жүргізуде. Өнім API, SAE және ACEA сияқты халықаралық стандарттарға сәйкес шығарылатын болады, бұл оның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жоба өңірдің өнеркәсіптік инфрақұрылымын күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын құрады және салалық оқу орталықтарымен бірлесіп мамандар даярлауға мүмкіндік береді. VOLTREX Қазақстанның импортқа тәуелділігін төмендетіп, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ұлттық майлау материалдары бренді қалыптастыруға ықпал етеді.