17.08.2026 11:51

Шілдеде Қазақстанда 21 мыңнан астам жаңа автокөлік сатылды

Hyundai, Kia және Chevrolet көшбасшылықты сақтап отыр.

AutoReport редакциясы
Шілдеде Қазақстанда 21 мыңнан астам жаңа автокөлік сатылды
Фото: AutoReport

2026 жылдың шілдесінде Қазақстандағы ресми дилерлер 21 371 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты. Бұл өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 5,9%-ға көп деп хабарлайды Қазақстанның автокөлік одағының баспасөз қызметі.

Есепті айдың қорытындысы бойынша бұрынғыша өндірісі Қазақстан территориясында оқшауландырылған брендтер көш бастап тұр – Hyundai (3 712 автокөлік сатылды; 2025 жылдың шілдесімен салыстырғанда +0,4%), Chevrolet (2 855; -29,5%) және Kia (2 492; +14,8%). Үш үздік көшбасшыға Changan бренді де қатты жақындап қалғанын атап өткен жөн (2 456; +171,7%).

Модельдер бөлігінде Chevrolet Cobalt (2 682 автокөлік өткізілді), Hyundai Tucson (1 851), Changan CS35 MAX (1 070), Kia Cerato (1 031) және Kia Sportage (820) ең көп сатылды.

"Қазақстанның автокөлік нарығы жаңа автокөліктер саудасының жоғары деңгейін сақтап тұр. Қазір әсіресе бәсекелестік орта қаншалықты тез өсіп жатқаны байқалады: елде жасалатын модельдер орнын нығайтып, таңдау мүмкіндігі артып келеді, ал сатып алушылар автокөліктің құнын ғана емес, технологияларды, алу шарттары мен сатып алған соң қызмет көрсету сапасын да мұқият бағалайды", – деп мәлімдеді Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева.

2026 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда жиынтығы 127 260 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға көп.

2026 жылдың қаңтар-шілде айларындағы Қазақстандағы сату деңгейі бойынша ТОП-10 бренд:

  • Hyundai – 20 959 автокөлік сатылды (2025 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда -24,7%);
  • Chevrolet – 20 441 (+17,8%);
  • Kia – 14 824 (+9,9%);
  • Changan – 11 927 (+101,8%);
  • Chery – 9 686 (+14,6%);
  • Haval – 7 590 (+11,2%);
  • Jetour – 6 903 (-19,4%);
  • JAC – 5 739 (-1,7%);
  • Toyota – 5 016 (-8,8%);
  • Geely – 3 794 (-34,3%).

Бұған дейін Қазақстанның автокөлік одағы отандық автоөнеркәсіпті ары қарай дамыту үш басым бағыт бойынша шоғырландырылатынын мәлімдеген болатын – бұлар автокомпоненттік кластерлерді құру, қолжетімділікті арттыру және ішкі нарықты қорғау.