
2026 жылдың шілде айында Қазақстанда 169,1 мың көлік құралы есепке қойылды. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,7%-ға артық, ал өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 0,5%-ға аз, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Тіркелген көлік құралдарының жалпы санының 87,7%-ын жеңіл автомобильдер, 5,6% - жүк автомобильдері, 2,4% -тіркемелер, 0,9% - автобустар, 0,8% - мотоциклдер және 2,6%-ын өзге де автокөлік құралдары құрады.
Шілде айында тіркеуге қойылған жеңіл автомобильдердің құрылымында ең жоғары үлесті (35,2%) қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі автомобильдер құрайды.
Есепті мерзімде тіркелген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі бойынша бөлінісі төмендегідей:
Өңірлер бөлінісінде қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдер ең көп Алматы қаласында (6 160 бірлік), Астана қаласында (5 436 бірлік) және Алматы облысында (5 340 бірлік) тіркеуге қойылды.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 059,2 мың бірлікке жетті. Жалпы автопарк құрылымында жеңіл автомобильдер – 5 081,5 мың бірлік (83,9%), жүк автомобильдері – 495,0 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 263,2 мың бірлік (4,3%), автобус пен шағын автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,6 мың бірлік (1,2%) және өзге де автокөлік құралдары – 55,5 мың бірлік (0,9%).
Қазақстан автокөлік одағының деректері бойынша, ресми дилерлер 21 371 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты. Бұл өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 5,9%-ға артық, деп хабарлайды Қазақстан автокөлік одағының баспасөз қызметі. Есепті айдың қорытындысы бойынша көлік өндірісі Қазақстан аумағында оқшауландырылған брендтер көшбасшылықты әлі де сақтап отыр – Hyundai (3 712 автокөлік сатылды; 2025 жылдың шілдесімен салыстырғанда +0,4%), Chevrolet (2 855; -29,5%) және Kia (2 492; +14,8%).