19.05.2026 13:19

Toyota Land Cruiser FJ жинақтамасы мен нарықтағы бағасы

Қазіргі уақытта Toyota Land Cruiser FJ ресми түрде тек Жапония мен Таиландта сатылады.

AutoReport редакциясы
Toyota Land Cruiser FJ  жинақтамасы мен нарықтағы бағасы
Фото: Toyota

Жалғыз жинақтағы Bi-Beam жарықдиодты шамдар мен күңгірт-қара түсті 18 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер кіреді. Шанақ үшін бес түрлі бояу нұсқасы қолжетімді, соның ішінде пресс-фотосуреттерде көрсетілген түтін түстес көк түсі бар.

Ішкі көрінісіне келер болсақ, FJ тек бір нұсқада ұсынылған – ол жасанды былғарымен қапталған қара түсті салон. Сондай-ақ 7 дюймдік цифрлық аспаптар панелі, 12,3 дюймдік ақпараттық, ойын-сауық экраны, орындықтар, рульді жылыту жүйесі және Toyota Safety Sense қауіпсіздік жүйесі бар.

Қазіргі уақытта Toyota Land Cruiser FJ ресми түрде тек Жапония мен Таиландта сатылады. Бұл модельді шығару осы елдерде жолға қойылған.

Жапониядағы бағасы 4,5 млн иена (шамамен 13,2 млн теңге), таиландтағы бағасы шамамен 1,3 млн бат (шамамен 18,2 млн теңге)

Болашақта бренд бұл модельді Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Латын Америкасы елдерінің нарығына, Үндістан мен Оңтүстік Африкаға шығаруды жоспарлап отыр.

Маңызды ескерту Toyota компаниясы экологиялық талаптардың жоғары болуына және импорттық баж салығына байланысты бұл жол талғамайтын көліктің Еуропа мен АҚШ-та сатылмайтынын айтты. Сонымен қатар, компания өкілдері болашақта модельдің гибридті нұсқасы пайда болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Еске алсақ, Toyota бренді 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік сатылымдағы көшбасшылығын сақтап қалды. Компания жыл бойы 9,7 млн автокөлік сатқан. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4%-ға артық