
Bosch компаниясы жүргізушілер үшін көзге бірден түсе бермейтін мәселені атап өтті – фардағы лампа жұмыс істеп тұрғанымен, оның жарығы азайып кетуі мүмкін. Соған байланысты мамандар автокөліктің фарларын ауыстыру қажеттілігін білдіретін үш белгіні атады.
Жарық күшінің төмендеуі біртіндеп жүреді, сондықтан жүргізуші өзгерістерді бірден байқамауы мүмкін, деп атап өтеді Bosch өкілдері.
"Мәселе мынада: фардағы лампа бірден өшіп қалмауы мүмкін – оның жарықтығы біртіндеп төмендейді. Сондықтан ерте қараңғы түсетін маусым алдында фарлардың жұмыс істеп тұрғанын ғана емес, жолды қаншалықты жақсы жарықтандыратынын да тексерген жөн. Әрине, фар жарығының жағдайын толық әрі объективті бағалауды тек арнайы аспаптары бар техникалық қызмет көрсету станциясынан алуға болады. Дегенмен тәжірибелі жүргізушілер фарларды тексеретін уақыт келгенін білдіретін қарапайым белгілерді жақсы біледі", – деп түсіндірді Bosch Mobility Aftermarket техникалық қолдау және сервис бөлімінің басшысы Александр Черевко.
Фар жарығының жағдайын тексеру керектігін білдіретін үш белгі:
Bosch мамандары бас жарық лампаларын орта есеппен екі жыл сайын және жуптап ауыстыруға кеңес береді. Егер ауыстырғаннан кейін де мәселе сақталса, фарлардың реттелуін және автокөліктің электр жүйесін тексерген абзал.
Бұған дейін Freedom Insurance сақтандыру компаниясы AutoReport редакциясына Қазақстанда сақтандыру жағдайлары шеңберінде ең жиі ауыстырылатын немесе жөнделетін автокөлік бөлшектерін айтып берген болатын. Мамандар олардың қатарында фарлар мен фонарьларды да атап өтті.