23.07.2026 12:53

Range Rover Sport Electric 2026 жылдың соңына дейін таныстырылады

Автокөліктің техникалық сипаттамалары белгілі болды.

AutoReport редакциясы
Range Rover Sport Electric 2026 жылдың соңына дейін таныстырылады
Фото: Range Rover

2026 жылдың соңына дейін жаңа премиум санаттағы Range Rover Sport Electric жол талғамайтын көлігінің дебюті күтілуде. Motor1 порталының жазуынша, автомобильдің дизайны мен интерьері оның бензинді «сыңарымен» бірдей болады.

Range Rover Sport Electric екі электр қозғалтқышымен жабдықталған, олардың жиынтық қуаты жинақтамасына байланысты 444 немесе 542 аттың күшін құрайды. Айналу моменті — 850 Ньютон-метр. Екі электр мотор да бірдей болғандықтан, қуат алдыңғы және артқы остің арасында 50:50 қатынасында бөлінеді деп күтілуде. Олар энергияны сыйымдылығы 118,5 киловатт-сағат болатын батареядан алады.

Электромобильдің жүріс қоры EPA циклі бойынша 530 шақырымнан асады. Ал талабы жеңілірек WLTP циклі бұдан да жоғары көрсеткіш көрсетуі тиіс.

Автомобиль AESC өндірісінің екі қабатты цилиндрлік аккумулятор батареяларын пайдаланады және 800 вольттық архитектурасының арқасында қуаты 350 киловатт болатын тұрақты токпен жылдам зарядтауды қолдайды. Күтілгендей-ақ, тегіс жүрісті қамтамасыз ету үшін ол пневматикалық аспамен жабдықталған, сонымен бірге электрлік күштік қондырғыға көшкеніне қарамастан, оның жолсызбен жүру мүмкіндіктері өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ Land Rover инженерлері Range Rover Sport Electric үлгісін тіпті жолсыз жерде де жұмыс істейтін бір педальмен жүру режимімен және бұрылу радиусын азайтып, жоғары жылдамдықта тұрақтылықты арттыратын артқы дөңгелектерді бұру функциясымен жабдықтаған.

Айта кетейік, электромобиль дәстүрлі қозғалтқышы бар модель сияқты модульдік бойлық архитектурада (MLA) құрастырылған. Платформа іштен жанатын қозғалтқыштарды жеке де, тоқтан зарядталатын гибрид құрамында да орналастыруға, сонымен бірге толықтай электрлі модельдерді қолдауға арналған.

Еске салсақ, төртінші буындағы Range Rover L405 дизельді қозғалтқышы бар үздік премиум автомобиль атанған болатын. Кейбір нарықтарда ол таңдауға арналған екі қозғалтқышпен қолжетімді болды: қуаты 258 аттың күшін құрайтын 3 литрлік TDV6 және қуаты 339 аттың күшін құрайтын 4,4 литрлік SDV8.