
2026 жылдың қаңтар-маусым аралығында қытайлық компаниялар 15 млн жаңа автокөлік сатты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға аз. Бұл ретте ішкі нарықтағы сатылымдар ширекке жуық азайған, алайда бұл шығын экспорттың өсуімен өтелді деп хабарлайды Қытай автоөндірушілер қауымдастығының баспасөз қызметі.
Аспан асты елінің автонарығында 9,9 млн жаңа көлік сатылды. Бұл 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіштен 21,1%-ға төмен. Әсіресе дәстүрлі бензинді көліктердің сатылымы қатты құлдыраған (27,8%-ға азайып, 4,8 млн дананы құрады).
Бірінші жартыжылдықта Қытайда жеңіл автокөліктерді сату көлемі шамамен 8,3 млн дананы құрады, бұл өткен жылғыдан 24,3%-ға аз. Ал дәл осы кезеңде іштен жану қозғалтқышы бар дәстүрлі жеңіл көліктердің сатылымы 31,9%-ға құлдырады.
Қытай автоөндірушілер қауымдастығы ішкі нарықтағы сатылымның төмендеуі экспорттың өсуі есебінен өтелгенін атап өтті. 2026 жылдың маусымында Аспан асты елінің компаниялары жаһандық нарықтарға 1 млн-нан астам автокөлік жеткізді. Қытай өз тарихында тұңғыш рет бір ай ішінде осындай үлкен көлемде өнім экспорттап отыр.
Болжам бойынша, 2026 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан жеткізілетін автокөлік экспорты 10 млн данаға жетеді деп күтілуде.
Еске сала кетсек, 2026 жылдың мамыр айында қытайлық BYD Auto автоконцерні Аспан асты елінің нарығында көш бастаған болатын. Үздік үштікке сонымен қатар SAIC Motor және Chery Automobile компаниялары енді.