01.07.2026 19:28

Қазақстанда BYD Atto 8 сатылымы жаздың соңына дейін басталады

Автокөлік бір ғана комплектацияда қолжетімді болады.

AutoReport редакциясы
Қазақстанда BYD Atto 8 сатылымы жаздың соңына дейін басталады
Фото: BYD Kazakhstan

2026 жылдың жаз айының соңына дейін Қазақстанда BYD Atto 8 моделінің сатылымы басталады. Автокөлік отандық нарыққа бір ғана — AWD DM-p жиынтықталымында ұсынылады.

Модель толық жетекті жүйемен және 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқыш пен екі электрлі қозғалтқышты біріктіретін параллельді-тізбекті DM-p (Dual Mode Performance) гибридті жүйесімен жабдықталған. AWD толық жетекті жүйесі мен DM-p технологиясының арқасында автокөлік серпінді екпін алу сипаттамаларын көрсетеді — сағатына 100 шақырымға дейін небәрі 4,9 секундта жылдамдайды. Сонымен қатар, өз класындағы дәстүрлі автокөліктермен салыстырғанда отын шығынының төмендігін (100 шақырымға 6,6 литр) сақтайды.

Гибридті жүйе қалалық режимде сыйымдылығы 35,6 киловатт-сағат болатын BYD-тің қауіпсіз фирмалық Blade Battery батареясының көмегімен электр жетегінің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, NEDC циклі бойынша отын мен электр қуатының жиынтық қорымен 1017 шақырымға дейінгі ұзақ қашықтықты бағындыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстанда BYD Atto 8 төрт түсте қолжетімді болады: “cия көк” (Ink Cyan), “қардай аппақ” (Snow White), “обсидианды қара” (Obsidian Black) және “ғарыштық сұр” (Galaxy Grey). Салонның ішкі әрлеуі қара түсте орындалған.

BYD дистрибьюциясы мәлімдегендей, модель қазақстандық нарыққа бейімделген, мультимедиа жүйесі мен дауыстық көмекші қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді, сонымен қатар ресми қосымшаны қолдау мүмкіндігі бар. Барлық автокөлікке 6 жыл немесе 150 мың шақырым жүріс, батарея мен электр қозғалтқышына 8 жыл немесе 150 мың шақырым жүріс, жүріс бөлігіне 4 жыл немесе 120 мың шақырым жүріс кепілдігі бар.

Еске сала кетейік, BYD бренді электромобильдер мен гибридтерді сату деңгейі бойынша Қазақстан автонарығының көшбасшысы болып табылады.