29.09.2025 13:42

Қазақстанға электр көліктерін әкелу квотасы 87,2 %-ға орындалды

Барлығы 15 000 квота болған.

Қазақстанға электр көліктерін әкелу квотасы 87,2 %-ға орындалды

2025 жылдың басынан бері жеңілдетілген көлік импорты квотасы бойынша Қазақстанға 13 мыңнан астам электрокөлік әкелінді. Бұл 2025 жылға бөлінген жалпы квотаның 87,2 % құрайды деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Салық органы Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес, электромобильдерді Қазақстанға баж салығынсыз әкелуге болатынын еске салды.

"Сондықтан 1900-ден аз ғана электр көліктері үшін тарифтік жеңілдікті пайдалана отырып, оларды әкелу мүмкіндігі сақталады. Азаматтарға шектеулерді болдырмау үшін электр көліктерін сатып алу және әкелу туралы шешім қабылдаған кезде қалған жеңілдікті алдын ала ескеруді ұсынамыз", – деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 23 мың электромобиль бар. Бұл 2025 жылдың басындағы жағдайдан 43%-ға көп – ол кезде елде 13 мың электромобиль тіркелген.

Бұған дейін Қазақстан автобизнес қауымдастығы 2023 жыл электромобильдер үшін ең жоғары жыл болды, ол кезде 4,4 көлік бастапқыда тіркелгенін мәлімдеген. 2024 жылы бұл көрсеткіш үштен бір бөлігіне азайып, 2,7 мың бірлікке жетті. Тек 2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда алғашында 2,7 мың электромобиль тіркелген.