
2025 жылы әлемдік автокомпоненттер нарығының көлемі 940 млрд долларды құрады. Car Industry Analysis хабарлауынша, сату деңгейі бойынша ең ірі өндірушілер Bosch, Denso және CATL компаниялары болды.
Bosch (Германия) автокомпоненттер нарығындағы көшбасшылығын сақтап қалды. 2025 жылғы сату көлемі шамамен 63,1 млрд долларды құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артық. Түсімнің жартысына жуығын еуропалық тұтынушылар (жалпы сату көлемінің 41%-ы), тағы 38%-ын Азия қамтамасыз етеді.
Denso (Жапония) дерлік 47,2 млрд доллардың өнімін өткізіп, екінші орнын сақтап қалды. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 1,5%-ға аз. Сатудың басым бөлігін (62%) Азия нарықтары, тағы 27%-ын Солтүстік Америка қамтамасыз етеді.
2024 жылы бесiншi орында тұрған CATL (Қытай) өткен жылы үшiншi орынға көтерiлдi. 2025 жылы компанияның сату көлемi шамамен 44,1 млрд долларды құрады. Бұл бiр жыл бұрынғыдан төрттен бiрге артық. Сатудың негiзгi бөлiгi (70%) Азияға тиесiлi. Еуропа мен Солтүстiк Америка сәйкесiнше көлемнiң 20% және 10%-ын қамтамасыз еттi.
Бұған дейiн үшiншi орында болған Magna (Канада) компаниясы төртiншi болды. Оның сату көрсеткiшi 2024 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға төмендеп, 42 млрд долларды құрады. Сату көлемiнiң жартысына жуығын (49%) Солтүстiк Америка елдерi, тағы 38%-ын Еуропа қамтамасыз еттi.
Үздiк бесiктi сату көлемi 37,9 млрд долларға жеткен ZF (Германия) компаниясы түйiндейдi. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық. Компания өнiмiнiң жартысынан астамын Еуропада (55%) өткiзедi. Солтүстiк Америка мен Азияда сәйкесiнше 23% және 16%.
Естерiңiзге сала кетейiк, CATL — электромобильдерге арналған аккумуляторлардың ең iрi әлемдiк өндiрушiсi. Бұған дейiн компания Қазақстанда өндiрiстi локализациялау ниетiн растаған болатын.