
2027 жылдың 1 сәуірінен бастап Қытай жаңа энергия көздерімен жүретін көліктер үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) төмендетеді. Қазіргі таңда тиісті ҚҚС 13%-ды құрайды, ол 9%-ға дейін азайтылады, деп жазады Chinadaily порталы.
Қытайдың Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік салық әкімшілігі бұл жаңашылдық экспортқа берілетін салықтық жеңілдіктер саясатын оңтайландыруға бағытталғанын хабарлады.
Бұған дейін Қытайда аккумуляторларға арналған ҚҚС бойынша салық шегерімдері азайтылған болатын, ал 2027 жылдың басынан бастап бұл шегерімдер мүлдем жойылады.
Ведомстволардың бірлескен мәлімдемесінде салық салынуға тиіс тауарларға арналған экспорттық тұтыну салығына қатысты саясат өзгеріссіз қалатыны, сондай-ақ салықты қайтару немесе оны төлеуден босатудың қолданыстағы механизмдері бұрынғыша әрекет ететіні атап өтілді.
Еске сала кетейік, Қытай әлемдегі ең ірі электромобиль жеткізушісі болып табылады. Мысалы, жыл басынан бері ең көп сатылған электрокарлардың топ-10 тізіміне Қытайдың сегіз моделі кірді.